
2025 жылдың 7-8 қазаны аралығында Астанада «Мұғалім әңгімелері» кейс тұғырнамасының екінші отырысы өтті. AMANAT кешінде еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам мектеп мұғалімдері, колледж және университет оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім саласының ардагерлері, сарапшылар жиналды.
Шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Білім министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. Талқылаудың орталық тақырыбы – жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалімдердің рөлі және білім берудегі инновацияларды енгізу.
Гимназиямыздың тарих пәнінің мұғалімі Ұлжан Мұхитқанқызы Байгенжина алаңға белсене қатысып, мұғалімдердің күйіп қалу мәселесін көтерді. Ұлжан Мұхитқанқызына гимназия атынан лайықты атынан алғыс білдіріп, «Ұстаз – Ұлт айнасы» партиялық сыйлығын алуымен құттықтаймын!


