Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

3-сыныптарда «Біз – дұрыс тамақтануды қолдаймыз!» атты танымдық сынып сағаты өтті. Оқушылар пайдалы тағамдардың сырын біліп, дұрыс тамақтанудың маңызын түсінді.

Қай тағам ағзаға қуат беріп, қайсысы зиян екенін талқылады. Сабақ барысында балалар тамақтану тәртібі туралы әңгімелесіп, таңғы астың және пайдалы тіскебасардың мәнін білді.

Олар тағамдарға байланысты жұмбақтар шешіп, «Денсаулық пирамидасын» құрастырып, пайдалы мәзір ойлап тапты. Соңында барлығы бір ойға келді: дұрыс тамақтану – сергек болудың, денсаулықтың және жақсы оқудың кепілі!