Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

20–21 қараша күндері мектебімізде оқушылардың эмоционалды саулығын нығайту, өз-өзін түсіну және мейірім атмосферасын қалыптастыру мақсатында бірнеше шара өткізілді. Барлық іс-шараларға педагогтар мен оқушылар бірлесіп қатысты.

Жылы лебіздер аллеясы

Оқушылар мен мұғалімдер «тірі аллея» жасап, кірген балаларды жылы сөздермен, күлімсіреп қарсы алды.

Рефлексия: «Бір жылы сөз бір күнді өзгерте ала ма?»

Позитивті аффирмациялар

Әр оқушыға мотивациялық аффирмация таратылды, олар оны оқып, күн бойы қайталады.

Рефлексия: «Бұл аффирмация менің бүгінгі күнімді қалай өзгерте алады?»

Уақыт капсуласы

Оқушылар өз мақсаттары мен армандарын хатқа жазып, жыл соңына дейін сақтайды.

Рефлексия: «Мен қандай болғым келеді?»

Эмоциялар сәті

Кластар фотоколлаждар жасап, позитивті эмоцияларды көрсетіп, достықты бағалады.

Рефлексия: «Біздің сыныбымызды қандай эмоциялар біріктіреді?»

 Қуанышты үзіліс

Музыкалық плейлист, би, шеңбер ойындары арқылы эмоцияларды разрядтау және топтық бірлікті нығайту.

Рефлексия: «Белсенді демалыс маған қандай күш берді?»