
3 желтоқсан, сенбі күні гимназияда «Адал Азамат» республикалық бағдарламасын іске асыру аясында оқушылар мен ата-аналар арасында отбасылық шахмат турнирі өтті. Турнир гимназияда ата-аналарды зияткерлік ойындарға тартудың және мектеп қауымдастығын нығайтудың жарқын үлгісі болды.
Шахмат тақталары басында балалар мен ересектер бас қосып, осы ойлы әрі қызықты ойынға деген ортақ қызығушылықтарын көрсетті. Іс-шара жылы, достық атмосферада өтті. Барлық ата-аналар мен балалар турнирден үлкен әсер алып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты. Балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.
Турнир қорытындысы бойынша І орынды Шитовкиндер және Адырбай отбасылары иеленді. Екі отбасы да барлық қарсыластарын жеңіп, өзара кездесуі тең нәтижемен аяқталғандықтан, екі бірінші орын 🥇 тағайындау туралы шешім қабылданды.
ІІ орынды Пройдисвет отбасы,
ІІІ орынды Макишевтер отбасы иеленді.
Аталған турнир қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлап, зияткерлік мерекеге айналды және отбасылық бірліктің, бірлескен пайдалы уақыт өткізудің маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

