Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҚДСҰО) келесіні хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында мектептік тамақтанудың жаңартылған стандарты күшіне енді. Аталған стандартты енгізу балалардың денсаулығын нығайту және инфекциялық емес аурулардың алдын алу жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс тамақтану мәселелері ерекше өзектілікке ие. «Қазақстан Республикасында 6-9 жастағы балалар арасында жеткіліксіз тамақтану көрсеткіштерін бағалау, 2020 (COSI)» зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, көрсетілген жастағы әр бесінші бала артық салмаққа ие. Мектеп оқушыларының төрттен бірінен астамы үнемі таңғы ас ішпейді, бұл олардың үлгерімі мен жалпы хал-жағдайына кері әсер етеді. Сонымен қатар, балалардың 60 %-дан астамы күнделікті көкөніс тұтынбайды, шамамен 67 %-ы жеміс-жидек жемейді. Бұл деректер білім беру ортасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға жүйелі түрде қарау қажеттігін дәлелдейді.
https://drive.google.com/drive/folders/19OGMxS7iTHo2LiTzaB8CA9bdpl_U-NPd