Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Жаңа жылдық және қысқы мерекелерге дайындық аясында, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің А .М. Горький атындағы гимназиясы» КММ оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шаралар барысында мектеп оқушыларына мереке күндеріндегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері көрсетілген *көрнекі ақпараттық материалдар* таратылды.

*Сынып сағаттарында келесі мәселелер қарастырылды:*

* Жаңа жылдық шыршаны орнату және оны қауіпсіз безендіру ережелері;

* Электр гирляндаларын пайдалану кезіндегі сақтық шаралары (ақауы бар бұйымдарды қолдануға тыйым салу, электр құралдарын түнде міндетті түрде өшіру);

* Пиротехникалық бұйымдармен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау (балалардың өз бетінше қолдануына тыйым салу, отшашуларды тек ересектердің қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып іске қосуы);

* Өрт шыққан жағдайдағы іс-қимыл тәртібі, шұғыл қызметтерді шақыру нөмірлері — 101, 112.

 

Өткізілген іс-шаралар оқушылар мен ата-аналардың хабардарлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ Жаңа жылдық және қысқы мерекелер кезінде қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.