
Құрметті оқушылар, ата-аналар және педагогтер!
Жаңа жылдық және жаппай іс-шараларды өткізу барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында төмендегі ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз:
Іс-шаралар екі эвакуациялық шығу жолы бар және қауіпсіздік талаптарына сай келетін үй-жайларда ғана өткізіледі.
Жаңа жылдық шырша берік орнатылып, эвакуациялық жолдарды жаппауы тиіс.
Шырша бұтақтары қабырғалар мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта орналасуы қажет.
Электр гирляндалары тек жарамды, зауытта жасалған, қуаты нормаларға сай болуы тиіс.
Электр желісінде ақау байқалған жағдайда (қызу, ұшқын, жыпылықтау) бірден ажыратылуы керек.
Іс-шаралар кезінде жауапты тұлғалардың кезекшілігі ұйымдастырылады, өрт сөндіру құралдары қолжетімді болуы тиіс.
Ашық от көздерін, басқарылмайтын ұшатын шамдарды және пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынады.
Барлық қатысушылардың қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік!