Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің А .М. Горький атындағы гимназиясы» КММ оқушылардың Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіз Жаңа жыл — өз қолыңызда!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Жаңа жылдық мерекелер төтенше жағдайларға себеп болмай, тек қуаныш сыйлауы тиіс. Сынып сағаттары барысында оқушыларға электр гирляндаларын қолдану, шыршаны орнату мен безендіру, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді.

⚠️ Тек сертификатталған өнімдерді пайдаланыңыз ⚠️ Нұсқаулық пен пайдалану ережелерін сақтаңыз ⚠️ Қосулы тұрған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз ⚠️ Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алыңыз! ✨🎄