Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

2025 жылғы 23 қазанда Қостанай қаласы полиция басқармасының аға лейтенанты Төлеу Абылайхан Бақытұлы 1–4 сынып оқушыларына арналған «Жол қозғалысы ережелері» тақырыбында дәріс өткізді.

Балалар жаяу жүргіншілердің, велосипед, самокат және ролик тебушілердің жолдағы қауіпсіздік ережелерін үйренді.

Кездесу барысында оқушыларға жол белгілерін тану, қауіпсіз бағыт таңдау және абай болудың маңызы түсіндірілді.

Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында өтті.

#АдалАзамат #ЖолҚауіпсіздігі #Қостанай #Полиция #ПДД