Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды:

- сабақ барысында жасанды интеллектіні тиімді қолдану жолдары;

- авторлық бағдарламаларды жазу критерийлері мен талаптары;

- бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын дұрыс құрастыру мен рәсімдеу ерекшеліктері.

 

Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы ұсыныстар айтты.

Отырыстың қорытындысында оқу сапасын арттыруға және оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған ортақ шешімдер қабылданды.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді оқыту мен үйретудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қазақ тілін терең меңгеру – ұлт болашағына салынған инвестиция, ел бірлігінің негізі.

Осындай кездесулер педагогтерге тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен заманауи технологияларды енгізуге үлкен мүмкіндік береді.

 

#ҚазақТілі #ӘдістемелікБірлестік #АдалАзамат #Білім #Ұстаз