
Гимназиямызда «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы аясында Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай қаласының Полиция өкілдерімен «Тәрбие және жауапкершілік» атты кездесу өтті.
Бұл шараның мақсаты — Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасына сәйкес, жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, адалдық және заңға деген құрмет қасиеттерін қалыптастыру.
Кездесуде келесі мәселелер талқыланды:
- Заңды құрметтеу: Тәртіпті сақтау — «Адал азаматқа» тән басты қасиет;
- Құқықтық мәдениет: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
- Жауапкершілік: Түнгі уақыттағы шектеулерді сақтау және өзгенің мүлкіне ұқыпты қарау;
- Мүлдем төзбеушілік: Буллинг пен вандализмге жол бермеу.
Тәртіп сақшылары оқушыларға заңды білу — әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіріп, адалдық пен тәртіп қатар жүретін құндылықтар екенін атап өтті.