
«Адал азамат» бағдарламасын және «Заң және тәртіп» жалпы республикалық құқықтық тәрбие айлығын іске асыру аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Заң балалар көзімен» атты сурет көрмесі өтті.
Іс-шараның мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік, адалдық және заңға құрмет сезімін қалыптастыру. Көрме барысында бастауыш сынып оқушылары өз шығармашылық жұмыстарында құқықтық мемлекет пен қауіпсіз қоғам туралы түсініктерін бейнеледі.
Әрбір сурет балалардың әділдік пен тәртіпке деген шынайы көзқарасын көрсетті.


