Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

«Адал азамат» бағдарламасы және «Заң мен Тәртіп» республикалық айлығы аясында «Салауатты өмір салты — заңға бағынатын азаматтың таңдауы» атты спорттық мереке ұйымдастырылды.

Осы іс-шара барысында оқушылар эстафеталар мен қимыл-қозғалыс ойындарына қатысып, жоғары тәртіп пен командалық бірлік көрсетті. Спорттық сайыстар арқылы «Адал азаматқа» тән жауапкершілік, ережелерді сақтау және салауатты өмір ұстанымдары насихатталды. Оқушылардың белсенділігі — құқықтық қоғам мен жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам.

#АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп #ЗаконИПорядок #ЗОЖ #Оқушылар #Ученики #Спорт