Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік қызметтер
Жұмысқа қабылдау

А. М. Горький атындағы гимназияның оқушылары бұл жарыстарда тамаша нәтиже көрсетті!
🏆 8 жасқа дейінгі қыздар арасында — 3-орынды Медет Айлин (1 «Б» сыныбы);
🏆 8 жасқа дейінгі ұлдар арасында — 2-орынды Жүнүсұлы Ілияс (1 «В» сыныбы);
🏆 10 жасқа дейінгі қыздар арасында — 1-орынды Макишева Адель (3 «В» сыныбы);
🏆 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында — 1-орынды Демисенов Ансар (3 «Д» сыныбы);
🏆 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында — 1-орынды Адырбай Мансұр (5 «А» сыныбы) иеленді.
Шахмат ойыны – тек жарыс емес, ол логикалық және стратегиялық ойлауды, зейін мен табандылықты дамытатын маңызды құрал.
Біздің гимназияда шахмат қозғалысы белсенді түрде дамып келеді, себебі мұндай сабақтар балаларға алға ойлап, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
Ең кішкентай гимназистердің осындай тамаша нәтижелерге жетуіне ықпал етіп жүрген ұстазымыз Уралбаев А.А.-ға алғыс білдіреміз! ♟️
- Details
- Written by Дандыбаева Гульфия Тулегеновна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 61

"А.М. Горький атындағы гимназияның" ұстаздары мен оқушылары жалпыреспубликалық «Ұлттық диктант» жобасына белсенді қатысты.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік тілді дәріптеу, сауаттылық деңгейін арттыру және қазақ тілін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
Осындай дәстүрлі республикалық акциялар тілге деген сүйіспеншілікті арттырып, бірлік пен рухты нығайтады.
#ҰлттықДиктант2025 #МГорькийгимназиясы #АдалАзамат #МенҚазақшаЖазамын #TilMenEl
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 49

А.М. Горький атындағы гимназияның бірінші сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде КГКП «Облыстық орыс драма театрына»* ұжым болып барды.
Балалардың театр әлемімен ерте танысуы олардың қиялын дамытып, өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырады.
Күзгі каникул – балаларға жаңа әсер мен шабыт сыйлайтын, достарымен бірге жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік беретін кезең.
Бұл іс-шара оқушылардың рухани-мәдени дамуына, ұжымшылдық пен достық сезімін нығайтуға ықпал етті.
#АдалАзамат #КүзгіДемалыс #ГимназияГорький #ОрысДрамаТеатры #ТеатрЖәнеБалалар #ӨнерТәрбиесі
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 55

А.М. Горький атындағы гимназияның бірінші сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде КГКП «Облыстық орыс драма театрына» ұжым болып барды.
Балалардың театр әлемімен ерте танысуы олардың қиялын дамытып, өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырады.
Күзгі каникул – балаларға жаңа әсер мен шабыт сыйлайтын, достарымен бірге жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік беретін кезең.
Бұл іс-шара оқушылардың рухани-мәдени дамуына, ұжымшылдық пен достық сезімін нығайтуға ықпал етті.
#АдалАзамат #КүзгіДемалыс #ГимназияГорький #ОрысДрамаТеатры #ТеатрЖәнеБалалар #ӨнерТәрбиесі
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 53

1–4 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұйымдастырған Мектеп кітапханалары айлығы аясында «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында іс-шара өтті.
Оқушылар демалыс уақытында сүйікті кітаптарын оқып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті туралы қызықты әңгімелермен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.
Оқимыз, ойланамыз, дамимыз!
#ДемалыстаКітапОқимыз #ЧитаемНаКаникулах #ҰлттықҚұндылықтар #НациональныеЦенности #МектепКітапханасы #ШкольнаяБиблиотека #ОқуАғартуМинистрлігі #МинистерствоПросвещенияРК #КітапОқуМәдениеті #КультураЧтения
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 46

Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды:
- сабақ барысында жасанды интеллектіні тиімді қолдану жолдары;
- авторлық бағдарламаларды жазу критерийлері мен талаптары;
- бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын дұрыс құрастыру мен рәсімдеу ерекшеліктері.
Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы ұсыныстар айтты.
Отырыстың қорытындысында оқу сапасын арттыруға және оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған ортақ шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді оқыту мен үйретудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қазақ тілін терең меңгеру – ұлт болашағына салынған инвестиция, ел бірлігінің негізі.
Осындай кездесулер педагогтерге тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен заманауи технологияларды енгізуге үлкен мүмкіндік береді.
#ҚазақТілі #ӘдістемелікБірлестік #АдалАзамат #Білім #Ұстаз
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 50
Read more: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы

2025 жылғы 23 қазанда Қостанай қаласы полиция басқармасының аға лейтенанты Төлеу Абылайхан Бақытұлы 1–4 сынып оқушыларына арналған «Жол қозғалысы ережелері» тақырыбында дәріс өткізді.
Балалар жаяу жүргіншілердің, велосипед, самокат және ролик тебушілердің жолдағы қауіпсіздік ережелерін үйренді.
Кездесу барысында оқушыларға жол белгілерін тану, қауіпсіз бағыт таңдау және абай болудың маңызы түсіндірілді.
Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында өтті.
#АдалАзамат #ЖолҚауіпсіздігі #Қостанай #Полиция #ПДД
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 48
Read more: «Адал азамат» бағдарламасы аясында – жол қозғалысы ережелері сабағы

Оқушылар өздерін және айналасындағы адамдарды қорғауды, жолда жүру ережелерін сақтауды, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуді және интернетті қауіпсіз пайдалануды үйренеді.Мұндай сабақтар оқушылардың жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, белсенді өмірлік ұстанымы бар саналы азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді.
#АдалАзамат #ҚауіпсіздікСабақтары #МектепҚауіпсіздігі #СаналыАзамат
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 40
Read more: «Адал азамат» бағдарламасы аясында мектепте апта сайын қауіпсіздік сабақтары өткізіледі.

Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты іс-шара өтті. Оқушылар еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалармен танысып, өз Отанын жақсы білетінін көрсетті. Олар тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері туралы айтып, ел болашағы мен оған қосатын жеке үлестері жайында ой бөлісті. Іс-шара оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырды.
#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 46
Read more: «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Республика күні.
Бүгін, 2025 жылғы 11 қазанда, гимназия ұжымы үлкен ынтамен «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясына қатысты. Бұл күні педагогтар өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын ғана емес, сонымен қатар туған мектебінің тазалығы мен көркейтілуіне деген шынайы қамқорлығын да көрсетті.
Көтеріңкі көңіл күймен және бірлік рухында мұғалімдер мектеп ауласын тазалау жұмыстарына шығып, гүлзарларды, аллеяларды және спорт алаңын ретке келтірді. Бұл акция жай ғана еңбек іс-шарасы емес, әркімнің қоршаған ортаның тазалығы мен сұлулығын сақтау жолындағы жеке жауапкершілігін сезінген ортақ істің нағыз мерекесіне айналды.
«Таза Қазақстан» акциясына қатысу гимназия ұжымының экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жас ұрпақтың табиғатқа ұқыпты қарау сезімін тәрбиелеуге қосқан жарқын үлгісі болды.
https://youtube.com/shorts/ew_IrO4LQZM
- Details
- Written by Годова Мария Владимировна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 45

2025 жылдың 7-8 қазаны аралығында Астанада «Мұғалім әңгімелері» кейс тұғырнамасының екінші отырысы өтті. AMANAT кешінде еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам мектеп мұғалімдері, колледж және университет оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім саласының ардагерлері, сарапшылар жиналды.
Шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Білім министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. Талқылаудың орталық тақырыбы – жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалімдердің рөлі және білім берудегі инновацияларды енгізу.
Гимназиямыздың тарих пәнінің мұғалімі Ұлжан Мұхитқанқызы Байгенжина алаңға белсене қатысып, мұғалімдердің күйіп қалу мәселесін көтерді. Ұлжан Мұхитқанқызына гимназия атынан лайықты атынан алғыс білдіріп, «Ұстаз – Ұлт айнасы» партиялық сыйлығын алуымен құттықтаймын!
- Details
- Written by Туркестанова Алмагуль Сайлаувна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 112
Тілді таңдаңыз
Алтын Қор
Ақпараттық қолдау
Қауіпсіздік техникасы
Баннерлер
Статистика
- Users
- 2
- Articles
- 1616
- Articles View Hits
- 711508